Трансформацияланатын мобильді жиһаз балалардың мектепте болу уақытының 100% бойы барлық жұмыс үй-жайларын пайдалануға мүмкіндік береді. Кеңістіктің мұндай ұлғаюы балаларға жайлы жағдай жасайды. Ойын әрекеті кезінде — бұл жаңа қызықты мүмкіндіктер, сабақ барысында –мұғалімдер үшін ыңғайлы құрал. Барлық жиһаз көз ауыртпайтын табиғи реңктерде жасалған, экологиялық материалдардан жасалған заттар табиғи ағаштың түсін сақтайды. Осының арқасында әр зат өз орнын тауып: жиһаз артқы фон болып қала береді де, балалар, олардың ойындары, оқу сабақтары, сонымен қатар көрме жұмыстары басты орында болады. Сонымен қатар, жиһаздың бейтарап түсі әр түрлі аксессуарлармен көріністі өзгертуге көмектеседі, бұл кеңістікті икемді етеді.